Александр Лукашенконың анасы қайтыс болды

Президент Александр Лукашенко осыған байланысты өзінің Пәкістанға баратын жұмыс сапарын екі күнге шегерді, деп хабарлады Эйсмонт.
Жұмыс сапары 26-27 мамырға жоспарланған еді. Сапар барысында президент Мамнун Хусейнмен, премьер-министр Наваз Шарифпен, парламенттің ұлттық ассамблея спикері Сардар Садикпен келіссөздер жүргізу көзделген. Сапар қорытындысы бойынша Минск бірқатар құжатқа қол қойылады деп есептеген, деп жазды Lenta.ru . «Пәкістанда Беларусь президентін күтіп отырғанын біз білеміз. Қабылдаушы тараптың түсіністік танытып, келіссөздерді кейінге шегергені үшін алғысымызды білдіреміз», - деген баспасөз хатшысының сөздерін келтірді.
Екатерина Лукашенко 1924 жылы БКСР Могилев облысы Шкловск ауданы Александрия ауылында туған. Ұлы Отан соғысына дейін осы жерде тұрған. 1945 жылы ол Витебск облысындағы Оршан зығыр комбинатына жұмысқа орналасқан. 1954 жылы ұлы Александрды дүниеге әкелген соң ол туған ауылына оралды. Мұнда сауыншы болып жұмыс істеді. Беларусьтің болашақ президенті әкесіз тәрбиеленді.