Александр Недовесов Бельгиядағы жарыстың финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM -Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Недовесов Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты.

Александр Недовесов
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге жартылай финалда нидерландылықтар Робин Хасе - Давид Пелдің меселін қайырды.

Қазақстандық- америкалық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағатқа созылған бәсеке барысында екеуі 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Нидерландылық жұп 3 эйспен шектелді.

Александр Недовесов - Роберт Галловей финалда аустриялықтар Александр Эрлер - Лукас Мидлермен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың өзінің туған күнінде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар