Александр Шевченко Мюнхенде іріктеу сайысының финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның екінші, әлемнің 106-ракеткасы Александр Шевченко Мюнхен (Германия) ATP 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Шевченко
Фото: instagram.com/shevchenkoo_17

Қазақстандық теннисші іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 85-ракеткасы, жапониялық Ринки Хиджикатаның меселін қайырды.

Бірінші партияда Шевченко 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде жапониялық спортшы есе қайырды - 6:1. Үшінші, шешуші сетте Шевченко таразы басын аудара білді - 6:3.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші 8 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Хиджиката 1 эйс жасаумен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.

Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 410-орында тұрған хорватиялық Борна Гойомен шеберлік таластырады. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Жүлде қоры 2,5 млн АҚШ долларына бағаланған Мюнхен додасы 14-20 сәуір аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдерінің екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар