Александр Солженицынның «ГУЛАГ архипелагы» романы міндетті мектеп бағдарламасына енді

АСТАНА.  Қыркүйектің   9-ы.  ҚазАқпарат -   Ресейлік  жоғары  сынып   оқушылары  Александр  Солженицынның «ГУЛАГ архипелагы»   романын оқитын болады.    Ресей Федерациясының   Білім  және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай,  «министр  Андрей  Фурсенконың  бұйрығымен   ХХ  ғасырдың  орыс әдебиеті  бойынша     негізгі       бағдарламаның міндетті минимумы    осы романның    үзінділерін  зерттеумен толықтырылды», 
None
None

деп  хабарлайды   РАТА-ТАСС агенттігі.

1973 жылы   шетелде  басылған "ГУЛАГ архипелагы"   романы  КСРО-да    тек 1989 жылы ғана    жарық көрді  және     бұған  дейін      орта мектепте   роман  тек  бейіндік  деңгейде    оқытылып келді.  Енді,  бұл шығарма    орта  білімнің  мемлекеттік  білім стандарттарының федералдық    құрамына енгізілгеннен кейін,    романның  үзінділерін  зерттеу   ресейлік  барлық жоғары сынып оқушылары  үшін міндетті  болып отыр.

Соңғы жаңалықтар