18:40, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Алексей Полторанин Рукадағы жеке спринттің ақтық кезеңіне өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рукада (Финляндия) өтіп жатқан Әлем Кубогының бірінші кезеңінде ерлер арасында классикалық стильдегі жеке спринттің квалификациясы өтті, деп жазады Sports.kz.

Ең үздік көрсеткішті норвегиялық спортшы Пол Гоблерг көрсетсе, үздіктер қатарында одан кейін отандастары Сондре Турволль Фоссли мен Мартин Йонсруд Сундбю жетті.
Қазақстаннан ақтық сынға қатысатын 30 адамның арасында 8.81 уақыт қалып қойып, 28-ші орынға тұрақтаған Алексей Полторанин болды. Денис Волотка - 62-ші, Николай Чеботько - 76-ші, Ердос Ахмадиев - 105-ші болып келді.