ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: ФИФА дауға қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта ішінде әлемдік қоғамдастықтың назары бірқатар оқиғаға ауды. Мәселен, теңбіл доптың жанкүйерлері Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) төңірегінде туындаған дауға жіті назар аударды. Өйткені, аталған ұйым өкілдері әлем чемпионатын ұйымдастырушы елдерді таңдау барысында жемқорлыққа бой алдырған-мыс. Ал Ғаламшардың Азия бөлігінде Үндістандағы аптап ыстық 2 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Осы аптада ауқымды мәдени шара да өтті. Киносүйер қауым 68-ші Канн кинофестивалі жеңімпаздарымен таныс болды.
None
None

ФИФА жемқорлық дамуына ұрынды

Сәрсенбі күні таңертең Швейцария полициясы Құрама Штаттардың құқық қорғау органдары сұранысы бойынша Халықаралық футбол федерациясының жоғары шенді 7 шенеунігін, оның ішінде ұйымның екі вице-президентін ұстады. АҚШ соңғы 20 жылдың ішінде ФИФА әлем чемпионатына арналған өтінімдер, маркетингтік және ойындарды тарату келісімдері төңірегінде жемқорлыққа ұрынған деп мәлімдеуде. Айыптау арасында алаяқтық, рэкет және ақшаны жылыстату қылмыстары да бар.

Бұған қоса швейцариялық құқық қорғау органдары 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионатын өткізуші елдерді іріктеу барысында да заң бұзушылықтардың орын алуы бойынша қылмыстық іс қозғауда. Айта кетерлігі, АҚШ пен Швейцария тергеу амалдарын бір-бірінен дербес жүргізуде. Дегенмен, екі елдің құқық қорғау ведомстволары тұрақты байланыс жасап отыр.

Дәл сол күні ФИФА-ның коммуникацилар және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Вальтер Де Грегорио ұйымның штаб-пәтерінде баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Халықаралық футбол федерациясының 2018 және 2022 жылдарда футболдан әлем чемпионатын өткізуші елді анықтау мәселесінің байыбына бару мақсатында тергеу амалдарының жүргізілуіне бастамашы болғаны анықталды.

«ФИФА бұл процесті қолдайды және Швейцария бас прокуррымен толыққанды ынытмақтастықта жұмыс істеуде. ФИФА ақпарат беру туралы барлық сұраныстарға жауап береді», - деді Де Грегорио.

Бұған қоса ФИФА-ның коммуникацилар және қоғаммен байланыс департаментінің басшылығы аталған істе Халықаралық футбол федерациясының зардап шегуші трап болып отырғандығын баса айтты.

Сонымен қатар Вальтер Де Грегорио бұл іске ФИФА президенті Йозеф Блаттер мен ұйымның бас хатшысы Жерар Валькенің қатысы бар екендігі туралы тараған ақпаратттың шындыққа жанаспайтындығын атап өтті.

«Мен Twitter-ден, баспасөз хабарламаларынан, пікірлерден осы мәселеге қатысты пайымдарды оқыдым. Бұл іске бас хатшы мен президенттің қатысы жоқ екендігін атап өткім келеді», - деді Де Грегорио.

Ұйым төңірегінде туындап отырған дау-дамайға қарамастан кеше Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер бірден-бір бәсекелесі Әли бин Әл-Хусейн сайлаудың екінші турында күресті жалғастырудан бас тартқан соң бес жылдық мерзімге қайта сайланды.

Ұйымның Цюрихтегі конгресінде 79 жастағы Блаттер бірінші турда 133 дауыс, ал оның қарсыласы - 73 дауыс жинады. Екінші турда оған қарапайым көпшілік дауыс жинаса жеткілікті болды.

Үндістанды аптап ыстық буып тұр

Өтіп бара жатқан апта бойы Үндістанның бірқатар штатында аптап ыстық болып тұр. Соның салдарынан қазірдің өзінде 2 мыңнан астам адамның қаза тапқаны белгілі. Адамдар тіпті, көшеде келе жатып естен тануда. Ал ауруханалар болса, күн өткен адамдарға лық толы. Олардың басым бөлігі: балалар мен қарттар, сонымен қатар ұзақ уақыт күн астында жүретін жұмысшылар мен баспанасыз жандар.

Өлім-жітімнің басым бөлігі елдің оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш пен Теланган штатында тіркелуде. Қаза тапқандардың 95 пайызы осы өңірлерден. Бұл штаттардағы ауа температурасы 47 градусқа жетіп тұр. Әдетте, бұл мезетте өңірдегі ауа температурасы 40 градусты маңайлайтын.

Ел билігі әзірше төтенше жағдай жариялай қойған жоқ. Дегенмен, халыққа көшеде ұзақ жүрмеуге, күн өтуден сақтану үшін қалпақ киіп, суды көп ішуге кеңес беруде. Алайда, су тапшылығы жағдайды одан ары ушықтыруда.

Үндістан метеорологиялық ведомствоның мәліметіне сәйкес, аптап ыстық Андхра-Прадеш пен Теланган штатынан бөлек Пенджаб, Уттар-Прадеш, Раджастхан, Мадхья-Прадеш, Чхаттисгарх, сонымен бірге Делиде де апта бойы сақталады.

68-ші Канн кинофестивалі жабылды

Өткен жексенбіде 68-ші халықаралық Канн кинофестивалінің ресми түрде жабылды. Фестивальға ұсынылған кинолардың көрсетілімі мамырдың 13-24-і аралығында өткен болатын. Оның конкурстық бағдарламасына 50-ден астам фильм енгізілген. Бірақ, оның тек 19-ы ғана «Алтын пальма бұтағы» үшін сайысқа түсті. Режиссер және сценарий жазушылар, ағайынды Джоэл және Итан Коэндерлер басқарған қазылар алқасының шешімімен «Алтын пальма бұтағы» сыйлығы француздық режиссер Жак Одиярдың «Дипан» фильміне бұйырды. Туынды елінен бой тасалап шыққанан кейін Францияда жаңа өмір бастауға тырысқан шриланкалық содырдың тағдырынан сыр шертеді.

Мәртебесі жағынан екінші орында тұрған фестиваль гран-приі «Освенцим» концлагеріндегі жантүршігерлік тірлікті паш ететін венгерлік Ласло Немаштың «Сын Соло» кинотуындысына бұйырды.

Ал әйелдер арасындағы үздік рөл сыйлығы екі актрисаға бұйырды. Олар: «Кэрол» туындысына түскен Руни Мара мен «Мой король» фильмінде басты рөлді сомдаған Эммануэль Берко. Ал Венсан Линдон «Закон рынка» фильмінде рөлі үшін үздік актер атанды.

Тайваньдық кинематографист Хоу Сяосянь «Убийца» фильмі үшін үздік режиссер деп танылды. Ал француз Мишель Франко үздік сценарийі үшін марапатқа ие болды. «Алтын камера» жүлдесі колумбиялық режиссер Сезар Асеведоның «Земля и тень» фильмінің қанжығасын майлады. Үздік қысқаметражды фильм аталымда ливандық режиссер Эли дагердің «Волны-98» туындысы жоғары марапатқа ие болды.

Сонымен қатар кинофестивальдің жабылу салтанатында Француздық кинорежиссер Аньес Варда әлемдік киноматографияның дамуына қосқан зор үлесі үшін «Алтын пальма бұтағы» сыйлығымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар