ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Қытайлық-жапониялық дау-дамай барша өңірдегі дамуды тежеуі ықтимал

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Осы аптада халықаралық аренадағы оқиғалардың ішінде әлемдік қауымдастықтың назары Шығыс-Қытай теңізінде даулы аралдарды Токионың мемлекеттендіруіне байланысты жалғасып жатқан антижапондық наразылыққа аударылды.

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Қытайлық-жапониялық дау-дамай барша өңірдегі дамуды тежеуі ықтимал

Бұл дау-дамай 10 қыркүйекте Жапония үкіметінің Сэнкаку архипелагының 5 аралының үшеуін мемлекеттендіру жөніндегі шешімді ресми түрде бекітуіне байланысты қыза түсті.

Екінші дүнижүзілік соғысының қарсаңында аралдар Курихара атты жапондық отбасының жеке иелігінде болған. Осыдан кейін, яғни 1972 жылға дейін онда америкалық әскерлер орналасты. Бүгінге дейін Қытаймен жанжалды ушықтармас үшін Токио бұл аралдарды жалға алған еді. Қытайлықтар болса бұл аралдарды өздерінікі деп санап отыр.

Соңғы уақытқа дейін бұл аралдарда Жапонияның үкімі таралып келген болатын. Дегенмен де аралдардың ұлттық хұкімі жөніндегі мәселе шешілмеген еді. Жапонияның пайымдауынша, олар аралдарды 1895 жылдан бастап иеленіп отырғандығын алға тартуда. Алайда, Бейжің болса 1783 және 1758 жылдардағы жапондық карталарда аралдар қытайлық деп танылғанын сөз етуде.

Қыркүйекте Жапония үкіметі Токио мэрі жоспарының алдын алу үшін және осы арқылы бұрыннан болып келген мәртебесін сақтап қалу тұрғысында бұл аралдарды сатып алу шешімін жасады. Алайда осы қадам Қытай тарапының шұғыл әрекет етуіне себеп болды. Бұл акт барша Қытай аумағында өтіп жатқан антижапондық наразылықтарды тудырды.

Мыңдаған адамның қатысуымен наразылық акциялары бірнеше күннен бері ҚХР-дағы Жапония елшілігі маңында жалғасып жатыр. Бүгінде Қытайда 22 мың жапондық фирмалар жұмыс істеуде, олардың көпшілігі қиын жағдайда. Қытайлық жұмысшылар барша жапондық өкілдіктерге қарсы наразылық білдіруіне байланысты Sony, Panasonic, Canon, Nissan және басқа да компаниялар жұмыстарын уақытша тоқтатты.

Қазір Бейжің және Токио аралдардың ауданында шекараны анықтай алмай жатыр, ал үш аралды мемлекеттендіру барлық келіссөздердің мүмкіндігін жоққа шығарды. Ресми Бейжің даулы аралдар бойынша Токиоға өз шешімінің күшін жоюға шақыруда. Өз кезегінде жапондық үкімет ҚХР-дың шолғыншы кемелердің жапондық аумақтық суларына кіруіне байланысты ресми наразылық білдірді, сондай-ақ Бейжіңді ҚХР-дағы жапондық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Осы аптада Бейжіңде Жапонияға қатысы бар кітаптар мен басқа да өнімдерді басуға тыйым салды. Сонымен қатар қытайлық көлік жуу орындарында жопонияда шығарылған көліктерге қызмет көрсетуден бас тартуға дейін жеткен көрінеді.

Айта кетейік, ҚХР-дың Қорғаныс министрлігі Бейжің Жапониямен арадағы жанжалды шешудің барлық мүмкін нұсқаларын қарастырып жатқандығын, оның ішінде әскери мәселе де бар екендігін мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Токио мен Бейжіңді аумақтық дау-дамайды бейбіт диалог арқылы шешуге шақырды, яғни жанжал орын алған мемлекеттер азиялық-тынық мұхиты өңіріндегі шиеленістің өршуіне жол бермеуі тиіс екендігін қадап айтты.

Бейжің мен Токионың бұл аралдарға өз талаптарын енгізуінде тек тарихи астар ғана емес, сонымен қатар геосаяси және экономикалық мүдделерде қамтылған. Біріншіден, қандай да бір мемлекеттің аралдарға иелік етуі Тынық мұхитына шығу арқылы Шығыс-Қытай теңізінде болуының мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

Екіншіден 20 жыл бұрын аралдардың ауданында көмірсутектердің елеулі қоры табылды, осы орайда екі мемлекет үшін де қазіргі жағдайда бұл құнды саналады.

Сарапшылардың пайымдауынша, аталған жанжал жаңа соғысқа немесе қарулы қақтығысқа апармайтынын, алайда бұл шиеленістік ахуал ұзақ уақыт сақталады. Қазіргі кезде екі елдің де үкіметтері билік арасында өзінің рейтингін арттыруды мақсат тұтуда және сыртқы саяси мәселелер бойынша қатаңдықты көрсетуге мәжбүр. Қытайда биліктің ауысуы кезеңі жақындап келе жатыр, ал жапондық премьер-министр Есихико Ноданың кабинеті өздерінің отандастары алдында имидждерін арттыруды қажеттілік етеді.

Сарапшылардың бағалуы бойынша екі ел арасындағы жанжалдың барша Азиялық-Тынық мұхиты өңірі үшін істі насырға шаптыратын күрделі салдарына әкеліп, кейіннен барлық әлемдік экономикаға әсері болу мүмкін. 

Қытай мен Жапонияның 2011 жылдағы сыртқы тауар айналымы 340 млрд. АҚШ долларын құрады. Бірақ та бұл оқиғадан кейін алдағы айларда аталған сауда көлемі айтарлықтай құлдырауы ықтимал деп топшылап отыр сарапшылар. АТР биржасы (Токия, Шанхай, Гонконг) жапондық және қытайлық компаниялар индексінің төмендеуін ескеріп өтті.

Егер де жағдай дауласып жатқан екі тараптың тікелей және белсенді іс-қимылдармен тұрақтамаса, онда нарықтардың бұдан ары қарай құлауы жалғасын таппақ.