ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Сирияша таяушығыстық гамбит. Ойын басталды

МӘСКЕУ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Осы аптада Таяу Шығыста серпінді даму одан әрі жалғасын тапты. Басты жаңалықтар Сириядағы жағдайға қатысты болды, дәлірек айтсақ, Евфрат аңғарындағы басымдық үшін күресте мүдделер қақтығысы орын алды.

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Сирияша таяушығыстық гамбит. Ойын басталды

Сенбі күні, 4 ақпанда Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия бойынша қарары қабылдануына тосқауыл жасады, мұнда 2011 жылдың наурызынан бері армия мен қазіргі режімге қарсыластар арасындағы қарулы қақтығыстар жалғасуда. Екі ел Қауіпсіздік Кеңесі ұсынған құжат жобасына вето қойды.

«Дауыс беруге шығарылған қарар жобасы Сириядағы қалыптасқан бүгінгі болмыстың нақты жай-жапсарын айқын көрсете алмады, сириялық тараптарға теңдестірілмеген дабыл берілді», - деді РФ-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Чуркин.  Ол қарарда ресейлік түзетулер ескерілмегенін түсіндірді. Сөйтіп, Қауіпсіздік Кеңесінің 13 мүше-елі қарарды жақтап дауыс берді, 2-уі қарсы болды.

Мәскеу мен Бейжіңнің Сирия мәселесі бойынша ұстанымы бұрыннан белгілі. Екеуі де елдегі зомбылықты айыптайды, бірақ та сырттан кірісуге, әсіресе қарулы араласуға қарсы. «Біз, әрине, қандай да болсын, зомбылыққа, бұл қай тараптан шықса да қарсымыз. Адамдарға өз тағдырын дербес шешуіне мүмкіндік беру қажет», деп осы аптада ресейлік ұстанымды РФ үкіметінің басшысы Владимир Путин тағы да атап көрсетті. Мәскеу  Сириядағы жағдай және елдің реформаларға қарай жылжуын ел ішіндегі экстремистік топтар соның ішінде қару қолдану арқылы да, оппозицияны билікпен диалогқа бармауға шақыра отырып,  билеуші режимді ауыстыруға тырысуда деп санайды.  

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі екі елдің «демаршы» қандай пікір туғызғаны айтпасақ та түсінікті. БҰҰ-ның американдық өкілі Сюзан Райс енді «Ресей мен Қытайдың қолы қанға малшынады» десе, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг олар сирия халқын сатып, «үлкен қателік» жіберді деп атап өтті. РФ-ның Еуроодақтағы ең сенімді әріптесі Германия да бұл шешімді сынға алды. «Біз БҰҰ қарарын мақұлдай алмағымызға қайран қалып, тіпті есеңгіреп қалып отырмыз», - деді ГФР канцлері Ангела Меркель.

Дүйсенбі күні АҚШ пен Ұлыбритания өздерінің Сириядағы ешліктерін жапқаны белгілі болды, олардың соңынан бірқатар еуропалық және араб елдері Дамаскіден өздерінің елшілерін әкетті. Сарапшылар ортасында бұл қадамдар елдегі жанжалды жасанды ушықтыруға әкеп соғатын ең қиын жағдайға душар ету мүмкін деп бағалауда (ресми соққы беру жөнінде БҰҰ шешімі жоқ).   

Бастамашылардан басқа бірден-бір ел - Иран қарардың бұғалықталғанын үлкен қанағат сезімімен қарсы алды. «БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Батыстың  қорқыту акциясы құралына айналды, ол басқа елдерді айыптауды ғана біледі, осы жолы Ресей мен Қытай бұған қарсы шықты» - деді жексенбі күні Иранның СІМ басшысы Әли Акбар Салехи.  

Өзінің ұстанымының берік екенін сейсенбі күні, 7 ақпанда Мәскеудің Дамаскіге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры Михаил Фрадковты жіберуі де қуаттайды. Сирия президенті Башар Асадпен және оның айналасындағылармен кездесулердің қорытындысы бойынша С.Лавров Б.Асад қай жақтан болса да, зомбылықты тоқтату міндеттерін жақтайды және елдегі барлық саяси күштермен диалогқа әзір» деп хабарлады. Бұдан басқа, «таяудағы уақытта елде жаңа конституция бойынша референдум өткізілетіні жарияланды».

Бұл әлем жұртшылығын елең еткізген сапар болды. Бұдан батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеу өкілдерін Б.Асадты билік басынан кетіруге шақырып, сол арқылы «иемен сценарийін» жүзеге асыруға мүмкіндік жасау деген байлам жасады. Ал араб басылымдары керісінше, ресейлік делегация Дамаскіге режим қарсыластарының бекіністері жөніндегі спутниктік түсірілімдерді берді деп түйді. Соған қарамастан, қазір зорлық-зомбылық әрекеттері жалғасып жатыр. Сәрсенбі күні CNN арнасы Пентагонның Сирияға Қарулы Күштердің көмегімен басып кіру жөніндегі жоспарын дайындай бастады деген хабар таратты. Бұл жоспарда болуы ықтимал түрлі жағдайлар кезінде  гуманитарлық көмек жеткізуден бастап, әскери басқыншылық әрекеттерге дейін, тіпті оппозициялық күштерді қару-жарақпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерге дейін қамтылып отыр-мыс. Келесі күні қорғаныс ведомствосы АҚШ-тың Сирияға басып кіру жоспары жоқ екенін және бұл мәселеде дипломатиялық қадамдарға басымдық беретінін айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда Вашингтонның  кез-келген әскери  операцияның алдында өзінің ақпарат құралдарына қандай міндет жүктейтінін білу маңызды.

Дамаск мен Сирия режимі қарсыластарының арасында араздықты қоздырудың жолы - баскөтеруші топтарды қаруландыру, оларға қаржылық және түрлі техникалар түрінде көмек көрсету болып табылады. Жұма күні, яғни 10-шы ақпанда бірқатар американдық сенаторлар Сирия оппозициясына тікелей материалдық-техникалық қызмет көрсету жөніндегі  бастамамен шықты.

Аталмыш қарардың жобасына қойылған вето халықаралық қатынастардың жаңа бағытта өрбуіне ықпал етеді. КСРО құлағаннан кейінгі 20 жылда әскери-саяси акциялар ұйымдастыру бастамасы батыстың иелігінде болып келді. Әрине Югославия мен Иракта және жақында ғана болған Ливиядағы шиеленістер кезінде Мәскеу мен Бейжің біршама кереғар көзқарас танытуға ұмтылып бақты. Алайда олардың барлық бастамалары бірде түсініксіздеу болып, бірде қалың көпшілік тарапынан қолдау таппай, сәтсіз аяқталып жатты. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Ливиядағы жағдайға байланысты қарарын орындаумен байланысты соңғы тәжірибе батысқа деген сенімнің өзін ақтамайтындығын көрсетті. Бірқатар сарапшылар бұл қадамды Мәскеудің  әлемдік саяси сахнада өзінің рөлін қайтаруға деген ұмтылысы деп бағалады. Бұл ретте әрине жеке мүдделердің де назардан тыс қалмағандығын айта кету керек. Егер Б.Асад режимі құлайтын болса, Иран стратегиялық әріптессіз қалады. Ал бұдан кейін Тегеранға күш көрсетілетін болса, американдықтар немесе НАТО күштері Каспийге өздерінің әскери базасын орнатып, Ресей үшін қолайсыз жағдай туады. Ал Қытай Парсы шығанағындағы шексіз бай мұнай көзінен ажырайды. Осының барлығын сараптап келгенде әлемдегі ойыншылар «әлемдік үлкен шахмат тақтасында» жаңа ойын бастағалы отырғандығын байқауға болады. Трумэннен үлкен Бушқа дейін созылған алғашқы ойынның тәжірибесі бойынша, АҚШ әлемдік кеңістіктегі саяси ойынды өзі бастап, өзі аяқтағысы келетіндігін айтпай-ақ түсінуге болады. Ал Сирияның Батыс бастаған осы ойында дегенге көнетін ұсақ фигураға айналу-айналмауы белгісіз. Алайда Таяу Шығыстың әлемдік актерлердің геостратегиялық билеуші болсам деген талпынысын сынға салатын алаңға айналғаны анық.