14:26, 12 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккейшілері элиталық дивизионға шыға алмады
АСТАНА. KAZINFORM — Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Словенияда өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатындағы кезекті ойынын өткізді.
Бұл кездесуде отандастарымыз Норвегия құрамасымен шеберлік байқасты. Өкінішке қарай, қазақстандықтар қарсыластарынан 10:2 есебімен ойсырай жеңілді.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы топ-дивизионға шығу мүмкіндігінен айырылды.
Жарыстағы соңғы ойынды біздің хоккейшілер Аустрия құрамасына қарсы өткізеді.
Бұған дейін Қазақстан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Словениядан басым түскенін жазғанбыз.