Әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – 20 қазанда Сербияның Нови-Сад қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Аталған жарысқа Олимпиада жүлдегерлерімен қатар, әлем чемпиондары қатысады. Қазақстандық балуандар жоғары деңгейде өтетін байрақты додада жүлдеге таласып көрмек. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

Жылдар өткен сайын U23 санатындағы әлем чемпионаты Біріккен күрес әлемінің (UWW) ең тартысты жарыстарының біріне айналды. Биыл Нови-Садта (Сербия) өтетін дүбірлі додада әлемнің түкпір-түкпірінен 700 балуан бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресінен де сынға түседі. Әлем чемпионатына баратын балуандардың тізімі төмендегідей:
Еркін күрес
57 келіге дейін: Жахонгир Ахмаджанов
61 келіге дейін: Мерей Базарбаев
65 келіге дейін: Рүстем Төлен
70 келіге дейін: Майис Әлиев
74 келіге дейін: Диас Сағдатов
79 келіге дейін: Ерхан Әбіл
86 келіге дейін: Мұханбет Мәмбетов
92 келіге дейін: Айбек Айтбеков
97 келіге дейін: Ризабек Айтмұхан
125 келіге дейін: Бауыржан Советов
Әйелдер күресі
50 келіге дейін: Лаура Ғаниқызы
53 келіге дейін: Зейнеп Баянова
55 келіге дейін: Шұғыла Өмірбек
57 келіге дейін: Нулифар Райымова
59 келіге дейін: Виктория Хусаинова
62 келіге дейін: Тыныс Дүбек
65 келіге дейін: Жаныл Бекен
68 келіге дейін: Бейбіт Сейдуәлі
72 келіге дейін: Шамшиябану Тастанбек
76 келіге дейін: Алина Ертөстік
Грек-рим күресі
55 келіге дейін: Ерасыл Мамырбеков
60 келіге дейін: Исхар Курбаев
63 келіге дейін: Нұрдәулет Қапас
67 келіге дейін: Бағдат Сабаз
72 келіге дейін: Мерей Мәулетханов
77 келіге дейін: Елдос Камелов
82 келіге дейін: Омар Сатаев
87 келіге дейін: Мақсат Сайлау
97 келіге дейін: Юсуф Мациев
130 келіге дейін: Джохар Узаров
Айта кетейік, «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы Марат Байқамұров бұл жеңісін әкесіне арнайтынын айтты.