Әлем чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар 3 алтын жеңді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда кадеттер, яғни 12 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Алматыға әлемнің үздік жас шахматшылары келді
Фото: Александр Павский / Kazinform

11 тур қорытындысы бойыншы қазақстандық шахматшылар арасында 8 жастағы Алиша Бисалиева мен Әдинұр Әділбек, сондай-ақ 12 жастағы Данис Қуандықұлы әлем чемпионы атанды. Соның арқасында Қазақстан құрамасы командалық есепте үздік болды. Екінші орынға ұпай саны бойынша Қытай (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), ал үшінші орынға АҚШ құрамасы (1 алтын, 1 күміс, 1 қола) жайғасты.

Сонымен қатар 10 жас санатында ұлдар арасында қытайлық Юань Шуньчжэ, қыздар арасында Үндістан өкілі Шарвааника Сараванан, 12 жас санатында қыздардан америкалық Лейси Ванг топ жарып, алтын алды.

Еске салайық, шахматтан 2025 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 19–30 қыркүйек аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Оған 88 елден 842 жас шахматшы, оның ішінде Қазақстанның барлық 20 өңірінен 229 спортшы қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар