Әлем чемпионаты: Тағы бір қазақ боксшысы жартылай финалда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қайрат Ералиев қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қайрат Ералиев (56 келі) ширек финалда неміс боксшысы Ел-Хаг Омармен кездесіп, оны жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қаратты. Төрешілер шешімімен жеңіс қазақ боксшысына берілді.

Айта кетейік, бұған дейін 49 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Жомарт Ержан екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Василий Егоровті ұтқан болатын . 

Алда тағы 5 қазақ боксшысы жартылай финалға шығу үшін шаршы алаңда бақ сынайтын болады. Олар: Әбілxан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (91), Абылайхан Жүсіпов (69), Қамшыбек Қоңқабаев (91 кг) және Ерік Әлжанов (81).

Соңғы жаңалықтар