Әлем чемпионатында төртінші боксшымыз жарыстан шығып қалды

Қазақтың «салмағы» атанып кеткен 69 келі салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов ширек финалда италиялық қарсыласына жол берді.
Үшінші раундта отандасымыздың жарақат алуына байланысты төреші жекпе-жекті тоқтатып, ары қарай жалғастыруға жол бермеді. Осылайша жеңіс қарсыласы Винченцо Маджакперенің қанжығасына байланды.
Айта кетейік, 27 тамыз күні Әлем чемпионатында айқастарын өткізген 4 спортшымыз - Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Жомарт Ержан (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі) пен Василий Левит (91 келіге дейін) қарсыластарын жеңіп, ширек финалға өтті.
29 тамызда Жомарт ресейлік Василий Егоровпен, Қайрат неміс Омар Эль-Хагпен, Әбілхан кубалық Арлен Лопеспен, Василий австралиялық Джейсон Уотелимен қолғап түйістіреді.
Ал осыған дейін үш спортшымыз - Азамат Исақұлов (52 келі) пен Әділет Құрметов (60 келі) пен Бекдәулет Ибрагимов (64 келіге дейін) турнирдегі жарысын аяқтады.
25 тамызда басталған Бокстан әлем чемпионаты тоғыз күнге жалғасып, 2 қыркүйек күні мәреге жетеді.