Әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Мерей Төлегенұлы Ақшалов ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мерей Ақшалов
Фото: boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мерей Ақшалов 36 жаста, бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Абай облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған М.Ақшалов Бейжің Олимпиадасына қатысты.

2013 жылы әуелі Азия, кейін әлем чемпионы атанды. Осы жылдың қорытындысы бойынша «Азияның үздік боксшысы» және Қазақстанда «Жылдың үздік спортшысы» атағына ие болды.

М.Ақшалов – «Құрмет» орденінің иегері.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан 2025 жылғы әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтетінін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар