Әлем чемпионы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Белгілі спортшы Қоныс Жетпісов облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды,

Әлем чемпионы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып тағайындалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қоныс Жетпісов ? самбодан әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері. 1999 жылдан бері жаттықтырушылық жұмыспен айналысқан ол олимпиада резервін даярлау орталығының директоры да болды. 2008 жылдың қазанынан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында оқу-спорт бөлімін басқарды.