Әлем кубогы: Виктория Графеева жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Виктория Графеева
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келіде фаворит саналатын Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Иеонжи Охқа еш мүмкіндік бермеді.

Алғашқы раундта төрешілер қарсыластың белсенділігін жоғары бағалағанымен, қалған уақытта жерлесіміз жекпе-жектің бағытын өзгертіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын 60 келі салмақта Бразилиядағы әлем кубогының финалында бақ сынаған Виктория Графеева жарыс жеңімпазы атанып, алтын жүлдені ел қоржынына салды.