10:51, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Әлем кубогында Қазақстан үздік бестіктен көрінді - Баку
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Әзірбайжанның Баку қаласында өткен еркін күрестен Әлем кубогы аяқталды. Осы халықаралық додада қазақстандық палуандар жалпы есеп бойынша 5-ші орынға ие болды.

А тобында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы бастапқы бәсекелерде Беларусь пен Болгария спортшыларын 5:2 есебімен жеңген еді. Бірақ кейін Ресей және Әзірбайжан командаларынан ұтылып қалды. Сөйтіп, 5-ші орын үшін Грузиямен таласып, осы елдің палуандарын 5:2 есебімен тізе бүктірді. Осы халықаралық сайыстарда Қазақстанның намысын Расул Қалиев (55 келі), Амандық Бакеев (60 келі), Леонид Спиридонов (66 келі), Сейфатдин Османов (74 келі), Семен Семенов (84 келі), Әлихан Жұмаев (96 келі) және Дәулет Шабанбай (120 келі) қорғады.