Әлем жастарының жартысы күніне 2 доллардан аз табыс табады - Жапонияның Қазақстандағы Елшісі
АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Әлем жастарының жартысы күніне 2 доллардан аз табыс табады.
Бұл туралыбүгін Алматыда өтіп жатқан Жастар саясаты бойынша халықаралық конференцияда Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юдзо Харада айтты.
«Әлемдегі 7 миллиард халықтың 43 пайызын жастар құрайды. Біз оларға өз әлеуеттерін толық ашуға жағдай жасауымыз керек. Оның жартысы күніне 2 доллардан аз табыс табады. Ал жұмыс істемейтін жастардың саны 17 миллион адамды құрайды», - деді Ю.Харада.
Оның айтуынша, 16 миллион қыз өз жасынан бұрын ана атануда. Сондай-ақ түрлі жұқпалы аурулармен ауыратындар да аз емес. Бұл ахуал жастардың өмірін жақсартуға назар аударуды және оған инвестиция салуды қажет етеді.