Әлемде 733 млн адам әлі күнге дейін электр қуатынсыз отыр

COVID-19 пандемиясы электр қуатына, таза отынға және тамақ пісіру технологияларына жалпыға бірдей қолжетімділікті баяулатты, ал Украинадағы соғыстың салдары жаңа қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Жағдай өзгермесе, 2030 жылға қарай 670 миллион адамның әлі де электр жарығынсыз қалатыны болжанып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның қолдауымен дайындалған баяндамада айтылған. 2022 жылға арналған «Энергетика саласындағы прогресс туралы» жаңа есепті БҰҰ агенттіктері мен оның Тұрақты даму мақсаттарының біріне кіретін ТДО-7 куратор-агенттіктері әзірледі.
2030 жылға қарай сапа бойынша заманауи стандарттарға сәйкес келетін энергияға әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Пандемияның әсері, соның ішінде дүкендердің жабылуы, жаһандық жеткізу тізбегінің үзілуі және азық-түлік пен жанармайдың қолжетімді бағасын ұстап тұру үшін фискалдық ресурстарды қайта бөлу ТДО-7-ге жету қарқынына әсер етті.
Прогресс әсіресе ең осал және энергетикада артта қалған елдерде баяу жүрген. Бұрын электр қуатына қол жеткізген Азия мен Африкадағы 90 миллионға жуық адам бұдан былай энергияға деген қажеттілігін төлей алмайды.
Жалпы Африка әлемде электр жабдығымен аз қамтылған ел болып қалып отыр. Құрлықтың 568 миллион тұрғыны электр қуатына қол жеткізе алмайды. Сахараның оңтүстігіндегі Африканың электр қуатына қол жеткізе алмайтын халқының үлесі 2018 жылғы 71 пайыздан 2020 жылы 77 пайызға дейін өскен.