14:57, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Әлемде A/H1N1 тұмауымен ауырғандардың саны 269 мың адамнан асты
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Әлемде A/H1N1 тұмауымен ауырғандардың саны 269 мың адамнан асып, ал тұмаудан қайтыс болғандардың саны 3 мың 49 адамға жетті,
деп хабарлады бейсенбі күні «Роспотребнадзор» агенттігінің баспасөз қызметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бюроларының мәліметтеріне сілтеме жасап.
«Қыркүйектің 2-сіндегі жағдай бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бюроларының мәліметтерін қоса есептегенде, әлем бойынша А (H1N1) вирусын жұқтырудың зертханалық расталған фактісі 269 мың 285 оқиғаны құрап отыр, оның ішінде 3 мың 49 оқиға кісі өлімімен аяқталған», делінген баспасөз баянында.