Әлемде бар жоба: Министр Қарабаев утиль алымын қос қолдап қолдайды

утиль
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Десе де, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі утилизация зауыттары жұмыс істемейтінін мойындады.

Журналистерге арналған брифингте министрге «утиль алымына қарсы петицияға қол қойдыңыз ба?» деген сауал қойылды.

«Петицияға қол қойған жоқпын. Менің ойымша, утиль алымы қажет. Мен бұл ұстанымды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған кезде де қорғаған болатынмын. Бұл — Қазақстанның болашағы үшін қажет дүние. Әр ел өз нарығын қандай да бір жолмен қорғайды. Біздің нарық та қорғалады», — деді министр.

Десе де, елімізде іс жүзінде жұмыс істейтін утилизация зауыттары жоқ.

Қарабаев Қарағандыдағы зауытты тілге тиек еткенімен, өзінің айтуынша қазір аталған зауыт та тоқырауға ұшырап жатқан көрінеді. 

Айта кетейік, бұған дейін утиль алымына қарсы петицияны қарайтын жиынға белсенділерді телефонмен кіргізбей қойғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар