Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21,6 миллионға жуықтады
Джонс Хопкинс университетінің ақпаратына сүйенсек, 17 тамыз сағат 07.15-тегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирус 21 млн 593 607 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 773 685, жазылып шықты – 13 млн 593 678 науқас.
Коронавирус ең көп анықталған 15 ел:
АҚШ - 5 402 803
Бразилия - 3 340 197
Үндістан - 2 589 682
Ресей – 920 719
Оңтүстік Африка Республикасы – 587 345
Перу - 525 803
Мексика - 517 714
Колумбия - 456 689
Чили - 385 946
Испания - 343 813
Ұлыбритания – 320 343
Сауд Арабиясы – 298 542
Аргентина – 294 569
Пәкістан – 288 717
Бангладеш – 276 549
Италия – 253 915
Франция – 252 965
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы соңғы статистикаға сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21 260 760 адамды құрайды. Қайтыс болды – 761 018 адам.
Коронавирусқа қатысты ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының мәліметі бойынша, Қазақстанда індет 102 696 адамнан анықталды. Оның ішінде 81 558-і індеттен айықса, 1269-ы қайтыс болды.