Әлемде мұнай бағасы арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 24 тамыздағы жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасы арзандады.

нефть
Коллаж: Canva

WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,41 долларға немесе 1,62%-ға арзандап, баррелі 85,65 доллардан саудаланып жатыр.

Brent мұнайының баррелі 93,02 доллар болды. Сауда сессиясында оның бағасы 1,45%-ға төмендеді.

Ресейлік Urals мұнайының бағасы 2,53 долларға немесе 2,85%-ға төмендеп, барреліне 86,32 долларға түсті.

Еске салайық, өткен апта қорытындысы бойынша Brent мұнайының бағасы 94 доллардан асқан болатын.

Иран Ирактың мұнай танкерлеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді.

Ал ЕО елдері мұнай компанияларының үстеме пайдасына салық енгізуді ұсынды.