Әлемде саны жағынан әлдеқайда көп, бірақ тәуелсіздікке қолы жетпеген халықтар бар - БҚО әкімі

ОРАЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - 4 маусым күні Орал қаласындағы Сырым Датұлы алаңында «Жаса, Қазақстан!» патриоттар форумы өтті.
None
None

Көк Туларымыз желбіреген алаңда алдымен еліміздің Әнұраны орындалды.

Форумға қатысушыларды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның еркін ел екенін білдіретін, мемлекеттің мемлекеттігін айқындайтын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, сөз сөйледі. «Әлемде көптеген ұлт-ұлыстар бар. Соның ішінде саны жағынан әлдеқайда көп, бірақ тәуелсіздікке қолы жетпеген халықтар бар. Кең байтақ планетадан алақандай жер таба алмай отырғандар қаншама. Бұл жағынан Қазақ елі бақытты. Елбасымыз шетелдерге барған кезде оның құрметіне Мемлекеттік ту көтеріледі. Спортшыларымыз жеңіс тұғырына шыққанда, көк байрағымыз желбіреп, кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді. Елбасымыз алға қойған міндеттер үдесінен шығу, Қазақстанның мәңгілік ел болуы үшін жастар да екпінді еңбек етіп, лайықты білім ала білуі керек. Ел болашағы - жастар», - деді әкім.

Патриоттар форумында жастарды отаншылдыққа үндейтін жалынды сөздер айтылып, елдік рухтағы әндер шырқалды.

Соңғы жаңалықтар