Әлемдегі АҚШ-қа деген көзқарас жақсарды
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Айтмұқанова/ - Әлемнің көптеген елдерінде ВВС тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамасының қорытындысына сәйкес, әлемде АҚШ-қа деген қатынас айтарлықтай жақсарған,
деп хабарлайды ВВС-дің орыс бөлмі
Сауалнамаға 30 мыңдай адам қатысып, олардың әрқайсысы әлемдегі жағдайға оң және кері әсер ететін мемлекеттерді атауы тиіс еді. Осымен бесінші рет өткізілген сауалнама нәтижесінде алғаш рет сұралған 28 мемлекеттің 20-сы АҚШ қызметіне оң баға берген. Сұралғандардың пікірінше, әлемдегі жағдайға мейлінше жақсы әсер ететін ел - Германия.