Әлемдегі ең бойшаң адам ең үлкен тәтті тоқашты елге көрсетті

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Гиннесстің рекордтар кітабына енген, әлемдегі ең бойшаң адам ең үлкен тәтті тоқашты елге көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең бойшаң адам ең үлкен тәтті тоқашты елге көрсетті

Бұл шара Ослодағы «Икеа» дүкендерінің бірінде өтті.

 Адам пішінінде пісірілген тәтті тоқаштың салмағы 651 келіні құрады. Бұған дейін мұндай рекорд техастық наубайшыларға тиесілі болатын. Олар 2006 жылы салмағы 593 келіге жуық тәтті тоқаш пісірген.

 Түркияның бойы 2 метр 47 сантиметр болатын тұрғыны Сұлтан Кесен (Sultan Koesen) 2009 жылғы тамызда бойшаңдығымен рекордшы атанды. Бұған дейін әлемдегі ең биік адам  бойы 2 метр 36 сантиметр болатын қытайлық Бао Сишун болатын.