03:09, 03 Қаңтар 2016 | GMT +5
Әлемдегі ең кәрі ағаш Швецияда өседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияда әлемдегі ең кәрі ағаш өседі. Бұл ағаштың жасы 9,5 мың жылды құрайды. Оның жасын мамандар жаңа әдісті қолдану арқылы анықтады.

Умеодағы Ғылыми-зерттеу университетінің ғалымы Лейф Каллман ең кәрі шыршаға Кәрі Тикко деген ат берді. Тикко оның жақында өліп қалған итінің аты болса керек.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, мамандар бұл ағаш Мұз дәуірі кезеңдерінде өсе бастаған деп болжап отыр.