18:38, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Әлемдегі ең қымбат ойын құрылғысы жарты миллион доллар тұрады
АСТАНА. Желтоқсанның 22-і. ҚазАқпарат - Дизайнер Стюарт Хьюстің күш-жігері арқасында әлемдегі ең қымбат ойын құрылғысы 500 мың АҚШ долларына бағаланып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Дизайнер құрылғыны зергерлік әсем бұйымға айналдырған. Ойын құрылғысының корпусы салмағы 2,5 килә болатын 22-караттық алтынмен апталған. Түймелеріне 78 гауһар тас жұмсалған.
Ғажайып құрылғыны әзірлеуге жарты жыл уақыт жұмсалған. Әзірге зергер мұның тек үш данасын ғана жасады.