Әлемдегі ең семіз адам инфаркт деген күдікпен ауруханаға түсті

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Ипсвичтің тұрғыны әлемдегі ең семіз адам британдық Пол Мейсон (Paul Mason) инфаркт деген күдікпен ауруханаға түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Англиядағы Жедел жәрдем қызметі өкілінің айтуынша, Мейсонның емдеуші дәрігері оның жүрек талмасы ұстады деген күдікпен Жедел жәрдем қызметімен байланысқан. Салмағы 311 келі тартатын жасы 48-дегі ауруды ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылданды.

Алайда Жедел жәрдем қызметінің мұншалықты салмақты көтеретін «жедел жәрдем» көлігі болмай шықты. Арнайы көлік үшін Әулие Джон Жедел жәрдем қызметіне тапсырыс беруге тура келді, содан кейін ғана Мейсон Ипсвичтегі ауруханаға ойдағыдай жеткізілді.

Қаңтарда Мейсонға салмағын азайту үшін асқазанын тарылту бойынша операция жасалған болатын. Операциядан кейін ол 127 келі арықтады. Пышаққа түспес бұрын оның салмағы 445 келі тартатын.

Соңғы жаңалықтар