Әлемдегі ең үлкен фотосуретте Париж панорамасы бейнеленді

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Францияда әлемдегі ең үлкен фотосурет шығарылды, онда Париж панорамасы бейнеленген,

Әлемдегі  ең  үлкен фотосуретте    Париж  панорамасы    бейнеленді

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Туындының сандық кодтағы көлемі 26 гигапиксельді құрайды. Яғни, кәдімгі баспа режімінде қағаз бетіне түсірілсе, фотосурет екі футбол алаңына тең аумақты алады.

Бұл үлкен туынды Париждегі Сен-Сюльпис соборының мұнараларының бірінен түсірілген 2343 сандық фотосуреттен құрастырылып отыр. Фотосуреттердің авторы Арно Фиш кейіннен олардың барлығын арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен бір клишеге түсірген.