Әлемдегі ең жылдам қартаюшы ел Азия құрлығында орналасқан

Бұл туралы кеше Алматыда өткен «Белсенді өмір сүру» І Халықаралық форумда айтылды.
«Бүгінгі форумда БҰҰ үшін басымдыққа ие маңызды мәселе қозғалуда. Медицинадағы жетістіктер, салауатты өмір салтын насихаттау, тамақтанудың жақсаруы халықтың өмір сүру жасын ұлғайтуға мүмкіндік беруде. Орташа өмір сүру ұзақтығын бағалау мен болжау алдағы 10 жылдықта келешек буынның өмір сүру ұзақтығы ұлғаятынын көрсетіп отыр», - дейді БҰҰ Хатшылығы Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті әлеуметтік саясат және даму бөлімі, техникалық көмек бөлімшесінің батығы Олег Сережин.
Оның айтуынша, БҰҰ-ның соңғы зерттеуі бойынша әлемдегі ең жылдам қартаюшы ел Азия құрлығында орналасқаны анықталды. Адамдардың әл-ауқатының жақсарып, ұтқырлығы артқан сайын отбасылық қатынас әлсіреуде. Қазір адамдар ұзағырақ өмір сүре бастады, бірақ олар немере мен шөберенің қызығын көре алмауда. Егде жастағы адамдардың дәстүрлі отбасылық күтімі нашарлауда. Бұл қауіпті ахуалды түзету үшін, қоғамдағы қарияларға деген теріс көзқарастағы ұнамсыз бейнені өзгерту керек.