Әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде Ұлыбритания бір орынға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде Ұлыбритания бір орынға төмендеп, бесінші орынды Францияға босатты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
None
None

Оған Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығатыны себепті фунт стерлинг бағамының құлдырауы әсер еткен. 

Еске сала кетсек, Халықаралық валюта қоры былтыр Ұлыбританияның ЖІӨ-сін 1,864 трлн фунт стерлинг көлемінде болжаған.

Қазір әлемдегі ірі экономикалар рейтингін АҚШ бастап тұр. Екінші орында - Қытай, үшіншіде - Жапония, төртіншіде - Германия.

Соңғы жаңалықтар