Әлемдегі ірі кен өндіруші компания жарты жылда $5,5 млрд шығынға батты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі «BHP Billiton» кен өндіруші компаниясы жарты жылдағы таза шығыны 5,5 млрд доллардан асқанын хабарлады, деп жазады ВВС агенттігі.
None
None

Компания хабарламасында жазылғандай, оның бизнесіне қытай экономикасының бәсеңдеуі мен оның негізгі өнімдері бағасының құлдырауы айтарлықтай кері әсерін тигізген.

Осылайша, «BHP Billiton» дивидендтер көлемін 75% қысқартуға мәжбүр болды. Оны акционерлерге төлемек.

«BHP Billiton» жарты жылдығының қорытындысы бойынша шығын соңғы рет 16 жыл бұрын тіркелген. Алайда сол кездерде де компания дивидендтер көлемін арттырған.

BHP Billiton әлемдегі ірі кен өндіруші компания. 2001 жылы британиялық Billiton және австралиялық BHP компаниялары біріккен.

Соңғы жаңалықтар