Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әлемдегі тұрақсыздық пен бытыраңқылықты көре отырып, біз одан сайын күшті болуға, бірігуге тырысамыз - Н. Назарбаев

АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - «Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында, одан ертерек халыққа Жолдауымда бұл қайнап жатқан заманда, әлемде ұлтаралық және дінаралық келіспеушіліктің салдарынан адамдар бірін-бірі өлтіріп жатқандығын, тұрақтылықтың жоқтығын айтқан болатынмын».

Әлемдегі тұрақсыздық пен бытыраңқылықты көре отырып, біз одан сайын күшті болуға, бірігуге тырысамыз - Н. Назарбаев

Бүгін Алматыда Қазақстан халықтарының бірлігін мерекелеу кезінде Елбасы Нұсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

 «Тұрақтылық жоқ жерде даму да жоқ. Біз осының барлығын көре тұра, қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған идеяның аясында одан әрі тығыз бірігетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.