Әлемдік әдебиет классигі Дж.Д.Сэлинджер дүниеден озды

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Әлемдік әдебиет классигі Джером Дэвид Сэлинджер 92 жасында дүниеден озды. Жазушының ұлының айтуынша, ол Нью-Гемпшир штатындағы Корниш қаласында, өз үйінде кәріліктен көз жұмды,

Әлемдік  әдебиет  классигі  Дж.Д.Сэлинджер  дүниеден озды

деп хабарлайды Associated Press.

Дж.Д.Сэлинджер 1960 жылдан бері Корништегі үйінде ешкіммен араласпай, жеке өмір сүріп келді. Содан бері ештеңе жарияламастан, тек өзі үшін ғана жазып, журналистермен де араласпай келген жазушы әлемге 1951 жылы жарияланған "Над пропастью во ржи" деп аталатын жалғыз романымен танылды. Әрине, оның басқа әңгімелері, шығармалары болды, бірақ, дәл осы романы жазушыны әлемге танытты.