Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан «KEGOС» жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастыратын болады ?Компания басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан «KEGOС» АҚ жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастыратын болады.
None
None
Бүгін 2008 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында «KEGOС» АҚ президенті Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан ағымдағы жылы компания тарапынан жаңа жобаларды жүзеге асыру жалғасатын болады. Атап айтқанда, «Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіледі. Бұл бағыттағы шаралардың бірінші сатысы 2001 жылы басталып, былтыр аяқталған болатын. Осы уақыт ішінде 40-тан астам қосалқы стансылар жаңғыртылды. Жобаның екінші сатысы ағымдағы жылдан басталады. Бес жылға жалғасатын жобаға 43,8 млрд. теңге жұмсалады деп көзделіп отыр. Сондай-ақ бағдарламаның қалған кезеңінде республикамыздағы ұлттық желілердің барлығы, оның ішінде электр желілерінің барлық қосалқы стансалары жаңғыртылатын болады. Сонымен бірге, биылғы жылы «Алма» қосалқы стансысы құрылысының жобасы жүзеге асады. Осы жобаны іске асыру Алматы өңірін электрмен жабдықтау сенімділігін, Алматы мен оның серіктес-қалаларының электр энергиясына деген қажеттілігін, сондай-ақ Балқаш ТЭС-інің жоспарлаған қуат көзін беруді қамтамасыз етеді», - деді Қ. Бозымбаев. Компания басшысының айтуынша, биылғы жылы «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру сызба нұсқасы» жобасы да жүзеге асатын болады. Бұл жоба оңтүстік өңірде электр жүктемесі ұлғайған кезде қуат күшін молайтуға бағытталады.
Соңғы жаңалықтар