Әлемдік қаржы дағдарысына орай Қазақстанның әрекеті тиімді, әрі барабар қадам болды ? Жан Лемьер

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстанның әрекеті тиімді, әрі барабар қадам болды. Бүгін «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты тақырыпта елордада өтіп жатқан ІІ Астаналық Экономикалық форум барысында баяндама жасаған Еуропа Қайта құру және даму банкінің экс-президенті Жан Лемьер
None
None
осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, Қазақстан Үкіметінің әлемдік қаржы дағдарысына қатысты жасаған шаралары тиімді, әрі барабар қадам болды. Ең алдымен қазақстандық жағдайда төлем жүйесінің құрдымға кетуінің алдын алу шаралары күтіп тұрды. Сондықтан да, Қазақстанда екі және одан да көп банктерді мемлекеттендіруден басқа жол болмады. Ал дағдарыстың әсерін азайту үшін жасалған екінші қадам бұл ұлттық валютаның девальвациясы. Менің ойымша, теңге девальвациясы сыртқы сауда көрсеткіштерін бастан-аяқ қалыптастыру үшін теңдессіз қадам болды. Сонымен бірге, Қазақстан бүгінгі күні дағдарыс ауыртпашылығын азайту мақсатында тағы бір маңызды қадамды жүргізіп отыр. Бұл экономиканы ақша-кредиттік және фискалды саясат тұрғысынан қолдау болып отыр», деді Ж. Лемьер.
Соңғы жаңалықтар