Әлемдік қаржы жүйесі капиталдар ауысуын қадағалай алатын батыл реформаларды қажетсініп отыр - БҰҰ

БҰҰ өкілінің айтуына қарағанда, бүгінгі реформалар жаһандық қаржылық архитектураның іргелі проблемаларын шеше алмайды. «Өйткені, капитал нарығын қайта реттеу мен пайыздық ставкаларға қалқыған мұндай бүгінгі жүйе айырбас бағамы немесе ағымдағы шоттардың теңгерімсіздігі арасындағы ілгеріден жалғасып келе жатқан айырмашылықтың алдын ала алмаған болатын. Яғни, қазіргі жүйе капиталдардың шексіз қозғалысының алдын ала алмады, ал бұл өз кезегінде экономикалық тұрақсыздықтың негізгі факторы еді», - деп пайымдайды С. Панитчпакди. Оның ойынша, мұндай қордаланған проблемаларды шешу үшін келекшектен барынша батыл рефоромалар талап етілетін болады. Бұл ретте БҰҰ сарапшысы қазіргі таңда көптеген мемлекеттер өз экономикасын ырқына көндіруге қабілетті емес екенін айта келе, экономиканың шабан өсімі басқа бір жаһандық рецессияға айналып кету қаупін тудыратынын алға тартты.
«АҚШ-та, Еуропа мен Жапониядағы жеке секторларға ұсынылатын теңдессіз ақшалай-кредиттік кеңейту шараларына қарамастан, бұл секторлар стагнация жағдайында тұр немесе қысқарып жатыр. Бұл негізінен банктер қарызға ала алмайтындықтан, несиелей алмайтындықтан немесе бұл қаражаттар үшін заемдар тарта алмайтындықтан орын алуда», - деп санайды С.Панитчпакди. Оның айтуына қарағанда, осының салдарынан бірқатар елдердегі шығындарды қысқарту саясатының өзі екінші бір дағдарысқа ұласу қаупін танытады. «Өйткені, бұндай қысқарту бағдарламалары өсім бағдарламаларына тұсау болып отыр, олар қаржылық консолидация мақсаттарына да қол жеткізе алмады, фискалды тапшылықты қысқарту бойынша да қандай да бір жетістікке жеткен емес», - деді ол.