Әлемдік нарықтағы энергиятасығыштарға деген сұраныс қандай жағдайда да өсе береді - «Тоталь» компаниясының вице-президенті М.Борелл

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Әлемдік нарықтағы энергиятасығыштарға деген сұраныс қандай жағдайда да өсе береді. Бұл туралы VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Жаңа энергетикалық ландшафт - болашақ энергетикасының негізгі факторлары» пікірталас сессиясында «Тоталь» компаниясының аға вице-президенті Майкл Борелл айтты.
None
None

«Біз бұрынырақ мұнай мен газдың жалпы қоры 35 жылға ғана жетеді деп айтып келдік. Қазір бұл пікіріміз түбегейлі өзгерді. Соңғы зерттеулер мұнай мен газ қорына сланц газын қоссақ, жалпы қор 100 жылға жететінін дәлелдеді. Әрине, бұл деректер біздің көзқарасымызды түбірімен өзгертеді және бұл жаңа қайнар көздер бағаның өзгерісін де білдіреді», - деді М. Борелл.

Оның айтуынша, энергия тасымалдаушылардан басқа, олардың географиялық бөлінісі де маңызды рөл атқарады. Және бұл әлемнің энергетикалық ландшафтына да өз әсерін тигізеді.

Бұрын дәстүрлі емес көмірсутектердің қоры жөнінен Таяу Шығыс пен Ресей басты назарда болып келсе, енді олардың қатарына АҚШ пен Канада қосылды.

М.Борелдің айтуынша, қазіргі кезде инвестиция туралы шешімдерді аталған және басқа да көптеген факторларды ескере отырып қабылдайтын болған.

Мәселен, дәстүрлі емес көмірсутектердің қорын барлауға дәстүрлі кен орындарын барлаудан көрі анағұрлым көп қаражат жұмсалады. Сонымен қатар, оларды өндіруші компаниялар да қатал экологиялық талаптарға көбірек ұрынады.

Тағы бір проблема ретінде М.Борелл дәстүрлі емес көмірсутектерден жанар май өндірудің де қымбатқа түсетінін атап өтті. Дегенмен, кәдімгі мұнай мен газды өндірудің құны артып келе жатқандықтан, бұл үдеріс қайта қалпына келетін энергияны, яғни дәстүрлі емес көмірсутектерді өндіруге ынталандыру болатындығы белгілі.

Соңғы жаңалықтар