Әлемдік діндер көшбасшылары съезі БҰҰ-мен жүйелі жұмыс жүргізеді - Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық деңгейдегі дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайтынын және Съездің жаһандық пікірталас алаңы ретінде ықпалын арттыруға тырысатынын атап өтті.

VIII Съезд лидеров мировых и традиционных религий
Фото: Ақорда

– Біз Съезд Хатшылығының БҰҰ институттарымен және басқа да құрылымдармен серіктестік желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Съезд идеяларын ілгерілету үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Оған халықаралық серіктестеріміз, жастар, сарапшылар, волонтерлік ұйымдар қатысады. Бейбітшілік – ең басты байлығымыз. Бұл – барша елдерге, халықтар мен діндерге ортақ аса маңызды құндылық. Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық баянды болашақтың мызғымас кепілі саналады. Сіздер осы жолда аянбай еңбек етіп жүрсіздер, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Cъезін қорытындылау кезінде.

Осы орайда Президент бүгінгі басқосу соның жарқын көрінісі болғанын атап өтті.

- Бір сөзбен айтқанда, Съезд табысты өтті. Баршаңызға зор алғысымды айтамын. Игі мақсат жолындағы ынтымағымыз одан әрі нығая береді деп ойлаймын. Мен осы сәтті пайдаланып, Съез жұмысына қолдау көрсеткені үшін рухани және саяси көшбасшыларға, БҰҰ-ның және басқа да құрылымдардың өкілдеріне, дипломаттарға зор ризашылық білдіремін. Съезд алдағы уақытта да Біріккен Ұлттар Ұйымымен дінаралық келісім мәселесі бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді деп сенемін, – деді Президент.

Айта кетейік, бүгін елордада әлемдік діндер көшбасшылары съезінің декларациясы қабылданды

Cъез қатысушылар қабылдаған «Астана бейбітшілік декларациясы 2025» БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады

Соңғы жаңалықтар