Әлемдік мұнай бағасы қайтадан өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM- 6 қазан таңертең мұнай тасымалына қатысты алаңдаушылықтарға байланысты әлемдік мұнай бағасы аздап өсті.

МҰНАЙЫ
Фото: Kazinform

Сауда деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 100,64 доллар болды, яғни 32 центке немесе 0,32%-ға өсті.

WTI фьючерстері барреліне 89,68 долларға дейін көбейді.

Ресейлік Urals шикі мұнайының бағасы барреліне 114,76 долларға жетіп, 8,73%-ға өсті.

Бұған дейін G7 елдері стратегиялық қорлардан 100 миллион баррель мұнай мен мұнай өнімдерін шығаруға келіскен еді.

ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің деңгейін 2026 жылдың қараша айына дейін сақтауға келісті. Бұл шешім жеті елдің өкілдерінің онлайн кездесуінен кейін қабылданды: Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман.