Әлемдік мұнай бағасы шамамен 2%-ға төмендеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Осы апта әлемдік мұнай бағасының төмендеуінен басталды.
21 қыркүйек бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 101,75 доллардан сатылды, яғни 2,04%-ға төмендеді.
Америкалық WTI шикі мұнайының бағасы барреліне 98,20 доллар болып, 2,09%-ға төмендеді.
Ресейлік Urals шикі мұнайы барреліне 113,41 доллардан сатылып жатыр, ол 6,74%-ға арзандаған. Urals бұған дейін барреліне 100 доллардан асып, мамыр айынан бергі ең жоғары деңгейге жеткен еді.
Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының бұдан арғы динамикасы негізінен мұнай жеткізілімдерінің қалпына келуіне және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының жағдайына байланысты болады.
Бұған дейін еліміз жаңа мұнай қорын іздеуге қанша қаржы жұмсап жатқаны хабарланды.
Сонымен қатар Қазақстанның мұнай қоры қанша жылға жететіні белгілі болды.