Әлемдік рекорд тіркелді: Алматы облысында 1 000 түйеден құралған керуен жүріп өтті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде жүріп өтті.

Әлемдік рекорд тіркелді: Алматы облысында 1 000 түйеден құралған керуен жүріп өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Керуен құрамына 1 000 түйе енгізіліп, олар арнайы дайындалған 1 шақырымдық жолды жүріп өтті. Бұған дейінгі әлемдік рекорд 2022 жылы Қытайда тіркелген болатын. Ол кезде тек 365 түйе қатысқан еді. Қазақстан бұл жетістікті үш еседен астам арттырып, әлем назарын өзіне аударды.

Әлемдік рекорд тіркелді: Алматы облысында 1 000 түйеден құралған керуен жүріп өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Іс-шараға Англиядан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг қатысып, керуеннің әр қимылын қатаң бақылап отырды.

Әлемдік рекорд тіркелді: Алматы облысында 1 000 түйеден құралған керуен жүріп өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігі

– Мен мұндай көлемдегі түйе керуенін бірінші рет көріп отырмын. Қазақстанның бұл жетістігі тек ұлттық мәдени мұра ғана емес, бүкіл әлемдік қазына ретінде бағалануы тиіс, - деді ол жетістік тіркелген сәтте.

Әлемдік рекорд тіркелді: Алматы облысында 1 000 түйеден құралған керуен жүріп өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы 5 киіз үй тігіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Арнайы фудкорт аймағы жұмыс істеді. Сонымен қатар белгілі эстрада жұлдыздары мен өңір өнерпаздары қатысқан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Әлемдік рекорд тіркелді: Алматы облысында 1 000 түйеден құралған керуен жүріп өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Әлемдік рекорд тіркелді: Алматы облысында 1 000 түйеден құралған керуен жүріп өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Керуеннің қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өтуіне ерекше мән берілді. Патрульдік полиция қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы, медициналық қызмет және ветеринарлық бақылау толық қамтамасыз етілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін турникеттер орнатылып, көрермендердің керуенге жақындауына шектеу қойылды.

Бұл бастама Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және өңірдің ірі шаруашылықтарының бірі – «Даулет-Бекет» компаниясының жетекшілігімен жүзеге асты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд орнатылды.

Соңғы жаңалықтар