Әлемнің ең бай адамы анықталды - Forbes журналы

СТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Мексикалық 70 жастағы телекоммуникациялық магнат Карлос Слим Forbes журналының есебі бойынша әлемнің ең бай адамы деп аталып отыр. Оның дүние-мүлкі 53,5 миллиард долларға бағалануда.

Әлемнің  ең бай адамы    анықталды - Forbes  журналы

Соңғы бірнеше жыл бойы әлемнің ең бай үш адамының тізімінен түспей отырған К.Слим Telefonos de Mexico компаниясын басқарады, сондай-ақ New York Times басылымының және Globo Corso корпорациясының акцияларының басым пайызына иелік етеді.

Карлос Слимнен кейінгі орынға Microsoft компаниясының негізін қалаушы және оның басшысы Билл Гейтс табан тіреп отыр, оның байлығы - 53 миллиард доллар шамасында. Ал былтыр ғана бай-манаптардың тізімінде көш бастаған американдық миллиардер Уоррен Баффет биыл 47 миллиард доллар байлықпен тек үшінші орынды қанағат тұтып отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, алғаш рет Пәкістан және Финляндия сияқты елдердің өз миллиардері пайда болып отыр.

Ал Ресейдің атынан Forbes тізіміне 62 миллиардер кірген.