Әлемнің ең ірі аукцион үйлері көктемгі бәссауда туындыларын көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің ең ірі аукцион үйлері «Сотбис», «Кристис» және «Филлипс» көктемгі сауда-саттыққа қоятын туындыларын көрсетті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
None
None

Олардың арасында америкалық Жан-Мишель Баскияның суреті бар. Негізі 33 жыл бұрын туынды 19 мың долларға сатылымға шығарылған. Алайда бұл жолы ұйымдастырушылар ол үшін 60 миллион доллар сұрап отыр.

Бәссаудаға сондай-ақ австриялық экспрессионист Эгон Шиленің «Даная» атты алғашқы үздік туындысы да қойылмақ. Ұйымдастырушылар оны кемі 40 миллион долларға өткізуге ниетті. Ал көктемгі бәссауда 15 мамырда басталмақ. 

Соңғы жаңалықтар