Әлемнің ең қымбат қонақүйлері Дубайда орналасқан

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Әлемнің ең қымбат қонақүйлері Дубайда орналасқан. Британдық сарапшылар жүргізген зерттеудің қорытындысы осындай,

Әлемнің ең  қымбат қонақүйлері  Дубайда  орналасқан

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Онда нөмірдің орташа бағасы 252 долларды құрайды және бұл соңғы 4 айдағы әлемдегі ең жоғары баға болып қалуда. Зерттеу барысында 3, 4 және 5 жұлдызды қонақүйлердегі екі орындық стандарт нөмірдің бір тәуліктік құны есептелген. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында - Токио, үшінші орында -Париж тұр.

Бірақ толуы жағынан Дубай қонақүйлері Сиднейге есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтуда. Ақпан айында Сидней отельдерінің толуы 85 пайызды құраған.