Әлеуеті төмен ауылдардан даму әлеуеті жоғары ауылдарға 1 мыңнан астам отбасы көшті
АСТАНА 8 ақпан. ҚазАқпарат - Әлеуеті төмен ауылдардан даму әлеуеті жоғары ауылдарға 1 мыңнан астам отбасы көшті. Бұл туралы бүгін Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіндегі мәліметтерден белгілі болды.
2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру аясында даму әлеуеті төмен ауылдардан даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарға 1176 отбасы немесе 4 мың 85 адам көшті.
Министрлік мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылы Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының даму әлеуеті төмен ауылдарында тұратын тұрғындар көшуге қатысты.