Әлеуметтік нысандар толық, ал басталған құрылыс аяғына дейін қаржыландырылады ? К. Мәсімов

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министр К. Мәсімов Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігіне бюджет шығыстарының айқындылығына қатысты тапсырма берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз бүгінгі жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттерден қай сала қаржыландырылып, қандай нысандар қаржыландырылмайтынын айқындауымыз қажет. Осыған орай апта соңына дейін Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі өз ұсыныстарын берулері қажет. Бұл бағытта республикалық бюджет комиссиясының отырысын өткіземіз. Жалпы алғанда бюджеттегі негізгі басымдық былай болады: Әлеуметтік нысандардың шығыстары толық қаржыландырылады, әлеуметтік емес нысандарға тиіспейміз, ал құрылысы басталған нысандар аяқталуы тиіс», деді К. Мәсімов. Жалпы айтқанда Үкімет басшысы бюджеттен әлеуметтік нысандардың толық, құрылысы басталған нысандардың аяғына дейін қаржыландырылатынын, ал жаңа нысандарға тек талқылау арқылы шешім қабылданатынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар