Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты Мәжіліс сайлауын әлеуметтік сүйемелдеу науқанын бастайды

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлау науқанын әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарын бастайды.

Бұл туралы бүгін елордада аталған институттың директоры, саяси ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасова мәлім етті.

«Сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік зерттеулер әлеуметтік зор маңызға ие. Бұл зерттеулердің функциялары кең жұртшылықты халықтың сайлау белсенділігі, сайлауалды додаға қатысушылардың рейтингі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етуді және дауыс беру нәтижелерін болжамдауды қамтиды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, институт электоралды әлеуметтік зерттеулер әдістемесіне сай көңіл-күйдің жағдайын сайлаудың басында және оның аяқталуы кезінде жүргізбек. Әрбір толқында екі мың адам сұралады. Іріктемеге Қазақстанның барлық облыстары, Алматы мен Астана қалалары кіреді. Іріктеме сайлау жасындағы республика халқын жынысы, жасы, этносы, білімі, қоныстану бойынша репрезентациялайтын болады. Бұл аталған әлеуметтік-демографиялық параметрлер бойынша электоралдық көңіл-күйді талдауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар