Әлеуметтік жобалар басымдықты болып қала береді ?Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының 2009 жылғы бюджетінде білім саласына 8,4 миллиард теңге шығыс қарастырылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасап. Республикалық бюджеттің есебінен 2,2 миллиард теңге көлемінде мақсатты трансферттердің түсімі тағы қарастырылған, оның ішінде білім беру нысандарын салу мен қайта жөндеуге 1 миллиард 238 миллион теңге трансферт жоспарланса, мақсатты трансферттер - 908,6 миллион теңге. Облыстық бюджет қаражатының есебінен білім беру нысандарының құрылысына 1 миллиард 026,9 миллион теңге бөлініп отыр. «Бүгінде білім беру саласының ұлттық жүйесін оңтайлы дамытуға жайлы жағдайлар жасалып отыр. Оқытудың барлық деңгейі мен кезеңінде сапалы біліммен қамтамасыз етуге мол мүмкіндік бар. Білім беру саласын материалдық жағынан қамтамасыз етудің де мәні зор. Дамыған елдер өздеріндегі әлеуметтік жобаларды тоқтатып отырған қазіргі жағдайда, Қазақстанның өз азаматтарын лайықты әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етудегі нақты қадамдары халықты қуантып отыр», дейді облыстық білім басқармасының бастығы Дүйсенбек Әбдірайымов.
Соңғы жаңалықтар